Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
27 Тамыз 2025, 11:40
549
Бөлісу:
 автордан
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

Президент Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді Ақордада қарсы алды.

Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлем баянатын берді.

Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды

Кейін Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды
Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды

Әнұранды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын иіп, өзінің құрметін білдірді.

Иордания Королі құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Сондай-ақ бүгін мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады.

Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды

Еске сала кетсек, 26 тамыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Қазақстанға ресми сапармен келген Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы