Тоқаев Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақорда 28 Қараша 2025 2025, 19:33
28 Қараша 2025 2025, 19:33
478
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал албан халқына құт-береке тіледі.

Наверх