Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

1 Маусым 2022, 13:56
1112
Бөлісу:
Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы еліміздегі ең ірі жоғары оқу орнын Әл-Фараби мұражайын аралап көруден бастады. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президентке ұлы ойшылдың өмірі мен қызметіне арналған экспонаттар, сондай-ақ сирек қолжазба кітаптары таныстырылды.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа университеттің ғылыми жетістіктері мен инновациялық әзірлемелерінің көрмесі көрсетілді. Ғалымдар мен студенттер Мемлекет басшысына нейроғылым, денсаулық сақтау, туризм, агрохимия, құрылыс технологиясы, жасанды интеллект және биотехнология салаларындағы өздерінің ғылыми-инновациялық жобаларының мүмкіндіктері туралы айтты.

Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Сонымен қатар Президентке университеттің инфрақұрылымын кеңейту жоспары жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоспарланған құрылыс нысандарының жобасы және жаңғыртылған оқу корпустары, жатақханалар мен қызметтік тұрғын үй таныстырылды.

Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Университетті аралап көру барысында Мемлекет басшысына ресейлік «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университетінің презентациясы көрсетілді. «МИФИ» ректоры Владимир Шевченко Президентке жоғары оқу орнының ғылыми жұмыстары мен білім беру ісін таныстырды. Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ядролық энергетика, фармацевтика, медицина және экономика саласы бойынша мамандар даярлайтын «МИФИ» филиалын ашу жөніндегі келісімге қол қойылды.

Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Іс-шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас оқытушылармен, ғалымдармен және студенттермен, соның ішінде  шетелдіктермен әңгімелесті.

ҚазҰУ – озық университет. Осы жерде білім алу әр адамға, әсіресе жастарға үлкен мәртебе. Менің марқұм әкем осы жерден білім алып, университетті 1949 жылы бітірген. Білім – үлкен күш. Білімді адам әрқашанда мықты болады. Баршаңызға табыс тілеймін, – деді Президент.

Студенттер жастарға ерекше көңіл бөлетіні үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, еліміздегі ауқымды реформаларды қолдайтынын жеткізді.


 

Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
Өзгелердің жаңалығы