Тоқаев: Абай облысы қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты перзенттерді сыйлаған ұлылар мекені

30 Қыркүйек 2022, 11:15
1301
Бөлісу:
Тоқаев: Абай облысы қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты перзенттерді сыйлаған ұлылар мекені

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Семей қаласының, Абай облысының Қазақстан тарихындағы орны ерекше, төл шежіремізде айрықша орны бар өлке. Бұл – қазаққа Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сияқты біртуар перзенттерді сыйлаған ұлылар мекені.

Абай туған топыраққа келген адам бұл жердің киесін сезінеді, қасиетін ұғады. Семей – ұлы даланың ұлағатты өлкесі. Бұл – Алаш арыстарының ізі қалған, зиялыларымыз елдің болашағы үшін күрескен қастерлі өңір», - деді Президент.

Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне де тоқталды.

«Мен биыл халықтың қалауын ескере отырып, осы аймақта жеке облыс құру туралы шешім қабылдадым.

Аталған қадам өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. Инвестицияның келуіне, өнеркәсіп пен жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасайды. Аймақты республикалық бюджеттен тікелей қаржыландыру жүйесі жүзеге асады.

Бұл шешім – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы. Біз жаңадан құрылған облысты ұлттың ұлы тұлғасына деген ерекше құрмет белгісі ретінде Абай деп атадық», - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы