Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдау жасайды

5 Қыркүйек 2025, 16:38
1571
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.

Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Өзгелердің жаңалығы