Президент Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
1) «Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталар атласы» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:
«У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессорМәліс Құдысұлы Әбсәметовке
;«АлматыГидроГеология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директорыРахматулла Аязбаевқа;
«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессорЕржан Итеменұлы Көлдеевке;
«У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидатыЕрмек Жәмшитұлы Мұртазинге
;«У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өңірлік гидрогеология және геоэкология зертханасының бас ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының кандидатыВладимир Александрович Смолярға;

2) «Кондициялық емес түcтi металлургияның шикiзатынан жоғары сапалы селен алудың экологиялық қауiпсiз вакуум-термиялық технологиясын дайындау және оның өнеркәсiптiк өндiрiсiн ұйымдастыру» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:
«Металлургия және кен байыту институты» акционерлік қоғамының бас директоры – басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессорБақдәулет Кенжәлiұлы Кенжәлиевке;
«Металлургия және кен байыту институты» акционерлік қоғамының вакуумдық процестер зертханасының бас ғылыми қызметкері, техника және физика-математика ғылымдарының докторы, профессорВалерий Николаевич Володинге;
«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кешенді технологияларды дамыту және инвестицияларды жоспарлау департаментінің директоры, техника ғылымдарының докторыЕржан Арыстанбекұлы Оспановқа
;«Металлургия және кен байыту институты» акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары, вакуумдық процестер зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, профессорСергей Анатольевич Требуховқа;
«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кешенді технологияларды дамыту және инвестицияларды жоспарлау департаменті техногендік шикізатты кешенді қайта өңдеу басқармасының бастығыАлександр Александрович Шахаловқа берілді.
Қазақстан Республикасының А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
1) «Қазақстан археологиясы. Деректер мен зерттеулер» сериялық басылымы» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:
«Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессорЗайнолла Самашевке;
2) «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XV – XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ Мемлекеті» тақырыбындағы жұмысы үшін:
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Заманауи зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), профессорМұхит-Ардагер Қаржаубайұлы Сыдықназаровқа
берілді.