Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтау барысында биылғы жылдың ерекшелігіне тоқталды.
Қазақтың жыл қайыру дәстүрі бойынша 2022 жыл – Барыс жылы. Асқар шыңды мекендейтін тау тағысын халқымыз киелі санаған. Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі және Тәуелсіздік монументіндегі барыс бейнесі – соның көрінісі. Бүгінде қанатты барыс жаңа Қазақстанның символына айналды. Тұран жолбарысын қайта түлету жоспарымызда бар. Бұл да келесі жылмен сәйкес келетін маңызды міндет, – деп атап өтті Мемлкет басшысы.
Жалпы елде мысық тұқымдастарға жататын ең ірі аң – қар барысы. Адам аяғы жетпес қия шыңды мекендейді. Ал барыс жылы халық түсінігінде жайлы саналады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялайтынын айтты.