Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында 20 мың террористке қатысты пікір білдірді.
Біріншіден, Алматыда бандиттердің тәртіпсіздігі бір сағат қана болған жоқ. Полиция қызметкерлері департамент ғимаратын қорғап, екі күн соққыларына төтеп берді. Екіншіден, олардың саны әлдеқайда көп болды. Үшіншіден, олар Алматыға 3 бағыттан келді. Бандиттер блок бекеттерді алып тастады. Сондықтан олар орнын ауыстырып, алаңда қару-жарақсыз жиналуы керек болған. Сондықтан бандиттер аз болды деу, оған күлу дұрыс емес. Олар тапсырма бойынша уақытпен жүрген, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.