Тоқаев 18 мыңнан астам адамға арналған клиникаға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Керуен-Medicus» медицина мекемесінің клиникалық-диагностикалық бөлімшесін аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ақорда 1 Маусым 2023 2023, 18:40
1 Маусым 2023 2023, 18:40
1117
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Керуен-Medicus» медицина мекемесінің клиникалық-диагностикалық бөлімшесін аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Клиникада ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және стационарлық көмек тек ақылы негізде ғана емес, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында да көрсетіледі. Мекеме 18 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.

Президент клиника қызметкерлерімен әңгімелесу барысында арнаулы жоғары технологиялық медициналық мекемелер мен орталықтар ашу маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ олардың аса жауапты еңбегіне табыс тіледі.

Наверх