Төңкеріс жасау әрекеті халықтың бірлігінің арқасында сәтсіз аяқталды – Ерлан Қарин

5 Қаңтар 2023, 14:34
1258
Бөлісу:
Төңкеріс жасау әрекеті халықтың бірлігінің арқасында сәтсіз аяқталды – Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда ырықтандыру мен демократияландыруға бағытталған қозғалыс үдей түскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір жыл бұрын қайғылы қаңтар оқиғасы болды. Бұл күндері бастапқыда бейбіт шерулер өткен еді. Оны реакциялық күштер пайдаланып, жаппай тәртіпсіздік жасауға арандатып, мемлекеттік төңкеріс жасағысы келді. Олардың басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан қайта құруларды кері қайтарып, ескі тәртіпті сақтап қалу болды. Еліміз сол кезде хаос пен анархияға түсіп кете жазды. Бірнеше минутта жағдай өзгеріп кетер еді. Артық айтқаным емес, мемлекетімізді сақтау мәселесі тұрды, – деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік хатшы төңкеріс жасау әрекеті азаматтардың ауызбірлігі мен Президентің батыл іс-әрекетінің арқасында ғана сәтсіз аяқталғанын айта кетті.

Біз ұлттық апаттың алдын алып, жағдайды тұрақтандырдық. Мұндай дағдарыстарды бастан өткерген мемлекеттердің билігі, әдетте, болған жағдайды «тоқтатып қоюға», саяси жүйені «бетондауға» немесе қарапайым тілмен айтқанда, «бұрандаларды барынша қатты бұрауға» тырысады. Елімізде ырықтандыру мен демократияландыруға бағытталған қозғалыс тоқтап қана қойған жоқ, керісінше, үдей түсті. Президент бастамасымен елімізде қарқынды және жан-жақты жаңғырту процесі басталды. Мемлекет басшысының стратегиялық бағыты кең қоғамдық қолдауға ие болды. Бұған конституциялық референдум мен кезектен тыс президенттік сайлаудың нәтижелері дәлел. Енді алдымызда қоғам бірлігін сақтай отырып, жоспарланған реформаларды толық жүзеге асыру міндеті тұр, – деп сөзін түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы