Томирис Байсафаның өлімі: Дағыстанның экс-премьерінің ұлы сот залында босатылды

8 Маусым 2021, 15:29
1791
Бөлісу:
Томирис Байсафаның өлімі: Дағыстанның экс-премьерінің ұлы сот залында босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеуде қазақстандық Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша сот болды. Жақында сот Дағыстанның экс-премьерінің баласы Муртузали Меджидовті ақтап шығарған болатын. Бүгін Меджидовке сот үкімі шығарылды.

Бүгін Никулин аудандық сотында Муртузали Меджидов босатылды. Бұл туралы 112 Telegram-каналында хабарланды.

Аталған істі алқабилер соты қарастырды. Сөйтіп, 7 маусымда олар Меджидовті кінәсіз деп таныды. 

Еске салсақ, 2018 жылдың 13 сәуірінде қазақстандық студент Томирис Байсафа МГИМО ғимаратының 4-қабатындағы терезеден құлап кеткені хабарланды. Бойжеткен МГИМО халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының 4-курсында оқыған еді. Дәрігерлер оған бірнеше ота жасады. Алайда үш аптадан кейін ол қайтыс болды. Ресей Тергеу комитетінде «өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша тергеуді бастады. Кейіннен аталған бап «адам өлтіру» бабына ауыстырылды.

Екі жылдан кейін, яғни 2020 жылдың 28 шілдесінде аталған іс бойынша Дағыстанның экс-премьерінің баласы Муртузали Меджидов ұсталды. Тергеудің нұсқасы бойынша Меджидов қызды соққыға жығып, терезеден итеріп жіберген.

Тергеудің бастапқы кезеңінде тергеушілер Муртузали Меджидовті сұрақтың астына алды. Қайғылы оқиға болған күні оны Томирис Байсафамен бірге бір аудиторияда отырғанын көргендер бар. Жігіт пен қыз бір-біріне дауыс көтеріп сөйлесіп тұрған. Алайда сол сәтте айғақ табылмаған соң, «өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы