Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Төмендетуге негіз жоқ" – Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
11 Сәуір 2025, 12:08
1187
Бөлісу:
 BAQ.KZ  архив
Фото: BAQ.KZ архив

Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл шешім еліміздегі инфляцияның жоғары болуына және сыртқы тәуекелдердің күшеюіне байланысты қабылданды.

Негізгі себептер:

  • Наурызда инфляция 10%-ке жетіп, күтілген шекте қалды. Қызмет көрсету бағасы мен азық-түлік қымбаттауы басты себеп болды.
  • Айлық инфляция ақпандағы 1,5%-тен наурызда 1,3%-ке төмендеді – бұл нарықтық қызметтер мен азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баяу қымбаттауымен байланысты.
  • Инфляциялық күтулер қысқамерзімді кезеңде аздап төмендегенімен, ұзақмерзімді перспективаларда жоғары деңгейде қалып отыр.

Сыртқы факторлар:

  • Ресейдегі екі таңбалы инфляция,
  • АҚШ пен Қытай арасындағы сауда шиеленісінің күшеюі,
  • Мұнай бағасының құбылуы,
  • Әлемдік экономикадағы белгісіздік артып келеді.

Экономиканың жағдайы:

  • 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан экономикасы 5,8% өсті.
  • Бұл өсім көлік, құрылыс, өнеркәсіп және сауда салаларындағы белсенділікпен байланысты.
  • Дегенмен, тұтынушылық сұраныстың баяулау белгілері байқалып отыр.

Ұлттық банк инфляцияны бақылауда ұстау үшін ақша-кредит саясатын қатаң ұстанып отыр. Қазіргі жағдайда базалық мөлшерлемені төмендетуге негіз жоқ. Келесі шешім 2025 жылғы 5 маусымда жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы