Промоутер Том Лёффлер америкалық БАҚ-қа берген сұхбатында GGG-нің Сауль "Канело" Альвареспен 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін үшінші жекпе-жегіне дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Геннадий Big Bear-да жаттығуда. Бәрі тамаша жүріп жатыр. Оқу-жаттығу жиынындағы соңғы нәтижелеріне қарағанда, оның жағдайы жақсы. Ол жақында 40-қа толды, бірақ қырық жаста болғанымен бұл спорт түрінен әлі де жоғары деңгейде. Біз оның әлем чемпионы болған Риото Муратамен не істегенін көрдік. Геннадий титулды біріктіру үшін Жапонияға барып, нокаутпен жеңіске жеткен еді. Енді 17 қыркүйекте ол Лас-Вегаста супер орта салмақта жұдырықтасады. Бұл жолы қазылардың бағалауы әділ болады деп сенемін. Бұл бокстағы ең маңызды жекпе-жектердің бірі. Бәлкім АҚШ-тағы ең ауқымды жекпе-жек болады. Сондықтан бұл қойылымды асыға күтеміз, - деді ол.