Толық емес және жалғызбасты аналарға қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі

7 Ақпан 2024, 15:41
1559
Бөлісу:
Толық емес және жалғызбасты аналарға қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі
Фото: Арман Мухатов - архив

Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова толық емес және жалғызбасты аналарға қандай әлеуметтік көмек түрлері көрсетілетіні жайлы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері "Қазақстанда жалғызбасты аналарға қандай әлеуметтік қолдау бар" деп сұрады.

Вице-премьер Тамара Дүйсенованың сөзіне қарағанда, бұл санаттағы азаматтар жеке көмек түрі қарастырылмаған.

Заңнамамызда "жалғызбасты ана" деген анықтама жоқ. Өйткені ананың баласы болса, бұл отбасы. Ал біз отбасы ретінде оған тиісті әлеуметтік қолдау көрсетеміз. “Толық емес отбасы” термині “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңда ғана қолданылады. Бұл санатқа асыраушысынан айырылған отбасылар жатады. Оларға тиісті жәрдемақы беріледі, - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова брифингте.

Оның айтуынша, әкесі де, анасы да бар отбасылар бар. Анасы мен баласы ғана бар отбасылар бар. Екі жағдайда да олар "отбасы" деп анықталады.

Егер бала бір жасқа толмаған болса, онда бала күтімі бойынша жәрдемақы төленеді. Ал көпбалалы отбасыларда төрт бала 18 жасқа толмаған болса, жәрдемақы беріледі.Сондай-ақ баланың мүмкіндігі шектеулі болса, онда мүгедектік жәрдемақысын алады, - деп айтты вице-премьер Дүйсенова.

Өзгелердің жаңалығы