Токио-2020: Нұрбақыт Теңізбаев жетісулық спортшылар қай күні медаль алатынын айтты

22 Шілде 2021, 11:54
2700
Бөлісу:
Токио-2020: Нұрбақыт Теңізбаев жетісулық спортшылар қай күні медаль алатынын айтты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев онлайн брифинг барысында Токио Олимпиадасына аттанған жетісулық спортшылардың әлеуеті жайлы айтты.

Оның айтуынша, Алматы облысының 9 спортшысы Токио Олимпиадасына 10 жолда жеңіп алған. 23 шілде күні алғашқылардың бірі болып садақ ату майталмандары өнер көрсетеді екен.


23 шілде күні садақ ату өнері бойынша сынға түсетін спортшылар арасында жеребе тарту өтеді. Ал, 25 шілде күні садақшыларымыз бен ауыр атлет Игорь Сон шығады. Игорь медальға таласады деп отырмыз, бірақ оның қарсыластары арасында әлем рекордын өзгерткен қытайлық және индонезиялық спортшылар бар. Біздің спортшы 3-5-тік арасында болады деп отырмыз, - деді Теңізбаев.

 
Сондай-ақ ол Алматы облысының спортшылары 26 шілде күні үлкен жетістікке жетіп, жеңіс тұғырынан көрінеді деген ойын білдірді.


26 шілде күні ауыр атлет Зулфия Чиншанло өнер көрсетіп, алтын алқаға таласады. Шілденің 2-3 күндері грек-рим күресінен Демеу Жадыраев шығады. Оның да биік тұғырдан көрінуге мүмкіндігі бар, өйткені ол Әлем, Азия чемпионаттарында жүлдегер болған. Сондай-ақ тректегі велоспорт бойынша Сергей Пономарев деген мықты спортшымыздан да үміттіміз. Ол Олимпиаданың соңғы күніне дейін кезең-кезеңімен өнер көрсетеді. Жеңіл атлетикадан Айман Ратова да екінші олимпиаасына қатысып отыр, тәжірибесі мол. Шілденің 6-7 күндері Байдарка мен каноэде есуден Светлана Усова және Маргарита Торлопова өнер көрсетеді, - деді ол.

Сонымен қатар ол өңір спортшылары ел намысын абыроймен қорғайды деген ойын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы