Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясы кезінде қауіпсіздікті сақтап, індеттің алдын алу мақсатында Токио марафоны 2021 жылдың наурыз айынан күз мезгіліне шегерілді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Тас жолдағы жарысты ұйымдастырушы Tokyo Marathon Foundation қоры жұма күні Директорлар кеңесінің отырысын өткізіп, осы шешімді ресми түрде бекітеді. Оған сәйкес шамамен 38 000 қарапайым қатысушыға рұқсат берілуі тиіс.
Қор пандемияға байланысты 7 наурызда жоспарланған күннен бас тартты және оның орнына келесі жазда Токиодағы Олимпиада ойындарынан кейін марафон өткізуді ұйғарды, - делінген дереккөздерді хабарламасында.
Ұйымдастырушылар 2022 жылғы бәсекені наурыз айында, әдетте Жапония астанасында өтетін уақытта өткізуді жоспарлап отыр. Биылғы жылы Токио марафоны таңдаулы қатысушылар үшін коронавирустың өршуіне байланысты шектеулі болды.
Жарыс жолынан шығарылған қарапайым қатысушыларға келесі немесе 2022 жылғы іс-шараға автоматты түрде кіру мүмкіндігі берілді. Токио марафоны – әлемдегі алты негізгі марафонның бірі.
Осы жылы Бостон, Берлин, Чикаго және Нью-Йорктегі барлық марафон тоқтатылды, ал өткен демалыс күндер өткен, сәуір айында кейінге шегерілген Лондон марафонына таңдаулы жүгірушілер ғана қатысты.