Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода жүзуден іріктеу сындары аяқталды. 100 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түскен Дмитрий Баландин жартылай финалға өткен жоқ, деп жазады Olympic.kz.
Оқи отырыңыз:
Бесінші топта жарысқан Дмитрий 59,75 секундты көрсетіп, алтыншы орын алды. Ал қорытынды хаттамада Баландин 17-сатыға тұрақтады.
100 метрге брасс әдісімен жүзуден әзірге америкалық Майкл Эндрю үздік нәтиже тіркеді. Екінші орында англиялық Джеймс Уилби, үшінші орында германиялық Лукас Матцерат.