Токио-2020: Елена Рыбакина сенсанция жасап, жартылай финалға шықты

<p> <strong>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ</strong>. <strong>Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.</strong> </p>

 28 Шілде 2021 2021, 14:56
28 Шілде 2021 2021, 14:56
3605

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Ширек финалда Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-шы тұрған Мугурса қазақстандық спортшыға қарсылық таныта алмады.

Небәрі екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасының финалдық ойнына өту үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Наверх