Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында боксшылар додасының шымылдығы түрілді. Қазақстан командасы сапынан алғаш болып Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты деп хабарлайды Olympic.kz.
57 келіде жұдырықтасқан Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галошпен кездесті.Аталған сын қазақстандық боксшыға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Серік Теміржанов қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Есеп – 5:0.
Серік Теміржановтың келесі айналымдағы қарсыласы - америкалық боксшы Роган Дюк.