Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен боксшы Сәкен Бибосынов ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол Олимпиада ойындарының кезекті кездесуінде франциялық Биллал Бенаннан 5:0 есебімен басым түсті.Айта кетерлігі, оның ширек финалдағы қарсыласы испаниялық Габриэль Эскобар. Қос боксшы 3 тамыз күні жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады.