Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін балуандар арасында жеребе тартылды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан Нұрсұлтан Тұрсынов бақ сынайды.
Нұрсұлтанның алғашқы қарсыласы - германиялық Денис Кудла.
Айта кетсек, бүгін бозкілемге шыққан Демеу Жадыраев (77 келі) бірінші белдесуде жапониялық балуаннан жеңілді.