Токио-2020: Милад Карими үздік бестікке енді

1 Тамыз 2021, 14:44
3619
Бөлісу:
Токио-2020: Милад Карими үздік бестікке енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпадасында спорттық гимнастикадан жекелеген снарядтар бойынша финалдық кезең басталды. 

Бүгін еркін жаттығудан Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды, деп жазды Olympic.kz. 

Бұл жаттығудың финалдық кезеңінде қазақстанды Милад Карими де сынға түскен болатын. Карими өз бағдарламасын орындау барысында кішігірім қателіктер жіберіп, 14.133 ұпай жинады. 

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық гимнаст бесінші орынға тұрақтады. 

Айта кетелік, бұл спорттық гимнастикдан Қазақстан командасы өкілдерінің Олимпиада ойындарында көрсетіп отырған ең үлкен нәтижелерінің бірі. Әсіресе, Милад Карими еркін жаттығудан Олимпиадада үздік бестікке енген алғашқы қазақстандық гимнаст. 

Ол Токио Олимпиадасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша 14-орынға тұрақтады. Енді Карими гимнастикалық керме бойынша Олимпиада жүлдесіне таласады. 

Өзгелердің жаңалығы