Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының 29 шілдедегі медаль кестесінде Қазақстан тағы 3 саты төмендеді.
Қазақстан қоржынындағы медаль саны әлі де өзгеріссіз.
Дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло жеңіп алған қола 3 медальдің көмегімен кестенің 55-ші сатысында тұрмыз.
Жалпы медаль алған мемлекеттердің саны 66-ға жетті. Командалық есепте медаль саны бойынша 15 алтын 7 күміс, 9 қола медальмен Қытай алға шықты. Екінші орынға ығысқан Жапонияның алтын медальдарының саны да 15. Алайда күміс және қола медаль саны Қытайдікінен аз (4 күміс, 6 қола).
Медаль саны бойынша алғашқы ондықта тұрған командалардың көрсеткіштері мынадай:
1. Қытай — 15-7-9;
2. Жапония — 15-4-6;
3. АҚШ — 14-14-10;
4. Ресей — 8-11-9;
5. Аустралия — 8-2-10;
6. Ұлыбритания — 5-7-6;
7. Оңтүстік Корея — 4-3-5;
8. Франция — 3-5-3;
9. Германия — 3-3-7;
10. Италия — 2-7-10.