Токио-2020: Қоңқабев пен Бибосынов сыйақыны қайырылымдылыққа жұмсамақ

17 Тамыз 2021, 17:47
4819
Бөлісу:
Токио-2020: Қоңқабев пен Бибосынов сыйақыны қайырылымдылыққа жұмсамақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының олимпиадалық команданы марапаттау мақсатында өткізілген баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Олимпиада ойындарының қола жүлдесі үшін берілетін мемлекеттік сыйақы көлемі 75 мың доллардан тұрады.

Сонымен қатар Бокс федерациясының басшылығы спортшылар мен жаттықтырушыларды ақшалай сыйақымен марапаттады. Сондай-ақ Олимпиадаға қатысқан боксшыларға да бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, балуан Нұрислам Санаев мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайтынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы