Токио-2020: Қазақтандық бокс бастағы шлем шешілгеннен кейін өзгерді ме?

2 Тамыз 2021, 18:28
5454
Бөлісу:
Токио-2020: Қазақтандық бокс бастағы шлем шешілгеннен кейін өзгерді ме?
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «БАҚ лига» спорт сайысының ұйымдастырушысы әрі журналист Әзиз Жұмәділ биылғы Токио-2020 олипиадасына байланысты өз ойы мен болжамдарын айтты.

Оның айтуынша, пандемия жағдайында өтіп жатқан Олимпиада ұйымдастырушылары бірқатар қиындықтарға ұшырауда. Дегенмен, жарыстар жоғары деңгейде өтуде.

Еуропа мен Жапонияны салыстыратын болсақ, еуропалықтар пандемия уақытында батылдыққа барып, шектеулерді алып тастайтын қадамдар жасайды. Жақында ғана Еуропа чемпионаты оған дәлел. Бұған қарап пандемияға деген жапондықтардың көзқарасы бөлек екенін айта аламыз, - деді ол.

Сонымен қатар Әзіл Жұмәділ отандық боксшылардың дайындығы туралы сөз қозғады. Сөзінше, қазіргі таңда бокс саласында біз ғана мықтымыз деп айтуға болмайды.

Қазір бокста нашар мемлекет деген қалған жоқ. Онымен қоса бұрынғы бокс пен бүгінгі шлемсіз жұдырықтасудың арасында айырмашылық бар. Біздегі стиль – күтіп алып, ақылмен жеңгісі келетін секілді. Бірақ біздің боксшыларға бірінші болып шабуылдауды алға қою керек, - деді Әзиз Жұмәділ.


Айта кетейік, еліміздің атынан Олимпиадаға 95 спортшы аттанған болатын. Әзірге медальдар кестесінде 69-орынға тұрақтадық. Қазақстан құрамасының қоржынында үш қола медаль бар. Олар: дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлетшілер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло.

Видео: Ерболат ЛАҚАЙ
Өзгелердің жаңалығы