Токио-2020: Қазақстандық велоспортшылар үздіктер қатарына енген жоқ

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токио Олимпиадасында велоспорттан топтық жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлады Olympic.kz.&nbsp;</h4>

 24 Шілде 2021 2021, 15:35
24 Шілде 2021 2021, 15:35
1442

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токио Олимпиадасында велоспорттан топтық жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлады Olympic.kz. 

Велошабандоздар додасында Эквадор өкілі Ричард Карапас жеңіске жетіп, Олимпиада чемпионы атанды. Ол 234 шақырымды 6:05.26 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. 

Күміс жүлдені бельгиялық Ван Арт Ваут, қоланы словениялық Тадей Погачар иеленді. 

Қазақстандықтар сапынан ең жоғары нәтижесін Алексей Луценко тіркеді. Ол жеңімпаздан 6 минут 21 секундқа артта қалып, 21-ші орын иеленді. 

Дмитрий Груздев пен Вадим Пронский жарыс жолынан шығып қалды. 

Наверх