Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токиода велоспорттан ерлер арасындағы бәсеке толық аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі анықталды.
Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Еліміздің атынан жарыс жолына шыққан Алексей Луценко жекелей сын қорытындысы бойынша 32-орыннан көрінді. Ол 44,2 шақырымды 1 сағат 02 минут 21.67 секундта жүріп өтті.
Луценко жарыс жеңімпазы атанған словениялық спортшыдан 7 минут 17.48 секундқа қалып қойған.
Бұл бәсекеде словениялық Примоз Роглик чемпион атанды. Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Том Думулин, қоланы австралиялық Рохан Деннис еншіледі.