Токио-2020: Дзюдодан енді 4 спортшымыз бәсекеге түседі

24 Шілде 2021, 21:34
3023
Бөлісу:
Токио-2020: Дзюдодан енді 4 спортшымыз бәсекеге түседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында онлайн форматта өткен брифингте Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев айтты.

Тікелей эфирге Токиодан қосылған Ғалымжан Жылгелдиев бүгінгі жарыс туралы ойымен бөлісті.

Бүгін дзюдо күресі үшін Олимпиада ойындары басталды. Олимпиада ойындарынан Елдос алтын алады деген мақсатпен, үмітпен келген едік. Бірақ бізге қола медаль бұйырып тұр екен. Оған да шүкір, - деді ол.
Жаттықтырушы Елдостан да бөлек, тағы спортшылар бар екенін айта кетті.
Төрт спортшымыз бәсекеге түседі. Спортшыларымыз бізді қуантады деген сенімдеміз. Алла қаласа алтын аламыз деген сенімдеміз, - деп толықтырды Жылгелдиев брифингте.
Айта кетейік, бүгін Токио татамиінде Қазақстан атынан Елдос Сметов және Отгонцэцэг Галбадрах сынға түсті. Енді төрт спортшымыз Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев сынға түседі.
Өзгелердің жаңалығы