Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазастандық теннисші Елена Рыбакина Токиодағы Олимпиада ойындарын одан әрі жалғастырады. Бүгінгі матчта Қазақстанның бірінші ракеткасы швециялық қарсыласын ұтып, жарыстан соң ойынға қатысты пікірін білдірді, деп жазды Olympic.kz.
Спортшы сондықтан бүгінгі кездесу оңай болмағанын атап өтті.Бүгінгі ойыным жаман емес. Бірінші сеттің басында аздап асығып, бірқатар қателікке бой алдырдым. Бірақ жалпы алғандағы нәтижем көңілден шығады. Күн райы да жақсырақ, алайда, ауадағы ылғал әлі бар. Жаңа доптарды ауыстырғанда да қиындық туды, әсері басқаша, - дейді Рыбакина.
Уимблдоннан соң бір аптадай үзіліс алдым, сол себепті жақсы дайындықпен келдім. Физикалық тұрғыдан да өзімді жақсы сезінудемін. Келесі матчқа дайындаламын, - деді теннисші.