Токио-2020: Бокстан ел намысын қорғаған тағы бір спортшы ұтылып қалды

3 Тамыз 2021, 16:49
2949
Бөлісу:
Токио-2020: Бокстан ел намысын қорғаған тағы бір спортшы ұтылып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан 63 келіге дейінгі салмақта Қазақстан намысын қорғаған Закир Сафиуллин ширек финалда ұтылып қалды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Сафиуллин 1/4 финалда австралиялық Гарри Гарсайдпен кездесті. Тартысты кездесуде 3:2 есебімен Австралия өкілі жеңіске жетті. 

Айта кетсек, Қазақстан сапынан екі боксшы ғана жартылай финалға өтті. Бұған дейін Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов ширек финалдан сүрінбей өтті.


Өзгелердің жаңалығы