Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Токио Олимпиадасындағы жекелей сында жеңіліс тапты деп жазады Olympic.kz.
Ол ресейлік Даниил Медведевпен кездескен болатын. 1 сағат 4 минутқа созылған кездесуде Бублик 4:6, 6:7 есебімен қарсыласына жол берді.Енді Александр Бублик Токио ойындарын жұптық сында жалғастырады.
ФОТО: Владислав Семенов