Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында жоғары дәрежелі "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған әнші Роза Рымбаева желтоқсан айындағы президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі туралы айтып берді.
Президенттің қабылдауына жазылып, барамын деп жүргенмін. Күтпеген жерден Ақордаға президенттің өзі шақырды! Биыл сахнада жүргеніме 45 жыл толады. Президентпен осы мерейтойым жөнінде сөйлескім келген. Еліміздің үлкен және шағын қалаларында мерейтойлық концерттерімді ұйымдастыру үшін оның қолдауы қажет. Өйткені мен коммерсант емеспін. Жеке өзіме билет сатып, афиша жапсыру онай емес. Оның үстіне ашық алаңдар мен үлкен залдарды әрлендіру жұмыстары бар. LED-экран, декорация, жақсы дыбыс, жарық қажет. Егер мемлекет басшысы осындай тур ұйымдастыруға пәрмен берсе, жергілікті билік тарапынан мәселе болмасы анық, -дейді Роза Рымбаева "Время" газетіне берген сұхбатында.Әнші мұндай марапат алатынын алдын-ала білмеген. Ақордадан аяқ астынан шақырту келіп, қуанған екен.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтанға концерттің дайындығына келгенмін. Сол кезде "Сізді Ақордаға марапаттауға шақырамыз" деп хабарласты. Шынымды айтсам, Ақордада бұған дейін болған емеспін. Президентпен тәуелсіздік алған 28 жылдың ішінде бірде-бір рет бұл сарайда кездесіп көрмеген екенмін. Марапаттау аяқталып, фотоға түсу үшін фойеге шыққанымызда жанымнан президентті көргенде жүрегім тоқтап қала жаздады. Ол маған: "Роза қасыма тұрыңыз, екінші жағымда Тамар Асар болсын" деді. Сол кезде жинақталып: "Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздің қабылдауыңызға жазылсам бола ма? деп сұрадым. Ол бірден: "Егер, ертең астанада болсаңыз, таңертең сағат 10-да келіңіз" деп айтты, - дейді Қазақстанның халық әртісі.Айта кетейік, мемлекет басшысы Роза Қуанышқызын жеке қабылдаған болатын.