Тоқаев жастарға Әлихан Бөкейханның сөзін мысалға келтірді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада президенттік жастар кадрлық резервіне өткен 300 жаспен кездескен болатын.</h4>

 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  15 Қаңтар 2020 2020, 12:35
15 Қаңтар 2020 2020, 12:35
4955

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада президенттік жастар кадрлық резервіне өткен 300 жаспен кездескен болатын.

Мемлекет басшысы жиында қазақтың тұңғыш премьер-министрі саналатын, "Алашорда" үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның қанатты тіркеске айналып кеткен сөзін мысалға келтірді.

улд1.jpeg
Бүгінгі кездесуге қатысушылар арқылы елімізде патриоттардың жаңа буыны қалыптасады деп сенемін. Сіздер егемен еліміздің жастарына ұлтжандылықтың, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Кезінде Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейхан: "Ұлтқа қызмет ету білімнен емес мінезден" деген болатын. Бұл ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын, уақыт өткен сайын мән-маңызы арта түсетін қанатты сөз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
улд.jpeg

Бұған дейін бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада президенттік жастар кадрлық резервіне өткендермен кездесті хабарлағанбыз. Президент қоғам өкілдері биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда пікірін еркін айтуға мүмкіндігі болатынын айтты.

Наверх