Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығына қонақ үй салуға қатысты тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Президент Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді - деп жазды Берік Уәли.