Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының отырысына қатысты

14 Маусым 2019, 15:09
3176
Бөлісу:
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының отырысына қатысты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресми қарсы алу рәсімінен кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке жылы қарсы алғаны және саммитке жоғары деңгейде дайындалғаны үшін ризашылық білдіріп, саммитте қабылданған шешімдер мен қол қойылған құжаттар елдер арасындағы кооперацияны нығайтуға септігін тигізетініне сенімді екенін айтты.

Мемлекет басшысы халықаралық қатынастар жүйесінің трансформациясы көпжақты бірлестіктер қызметтерінің мейлінше теңестірілген және айқын қағидаттарын жасау қажеттігін көрсететініне тоқталып, осыған байланысты өзінің пікіріне сәйкес ШЫҰ-ның басты міндеттерін атап өтті.

"Біріншіден, ШЫҰ кеңістігінде өзара сенімді, қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында конструктивті диалог пен өзара іс-қимылдарды нығайту маңызды болып қала беруі тиіс. Осыған байланысты, ШЫҰ стратегиясы шеңберінде 2018-2022 жылдарға арналған Іс-қимылдар жоспарын, Ұзақ мерзімді тату көршілік туралы келісімді, достық пен ынтымақтастықты толыққанды жүзеге асыру керек", – деді Қазақстан Президенті.

Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының отырысына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үш диалог» жөніндегі бастамасының дер кезінде айтылғанын және осы ретте Еуразиялық экономикалық одақ, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы, БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы) және Еуропалық одақ  сияқты Еуразияның көпжақты негізгі құрылымдарымен толыққанды қарым-қатынасты орнатып кеңейту арқылы Ұйымның халықаралық бәсекеге қабілетін арттыру қажеттігін атап өтті.

"Экономикалық өсім баяулаған әрі әлемдік нарықтағы қаржылық тұрақсыздық жағдайында Шанхай ынтымақтастық ұйымының зор әлеуетін бұдан да тиімді пайдалану қажет. Оған сегіз жақты Еуразиялық қаржылық кеңесшілік механизмін құру септігін тигізеді деп есептейміз. Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасында қол қойылған Меморандум ШЫҰ елдерінің қаржы жүйесін дамытуда АХҚО-ның бірегей инновациялық әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді", – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті отырысқа қатысушылардың назарын аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне аударды. Оның пікірінше, сәуір айында ШЫҰ-ға әрі әріптес-ел – Шри-Ланкада болған лаңкестік оқиға Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымы аясында Жаһандық лаңкестікке қарсы коалиция құру туралы бастамасының қажеттілігін дәлелдеді.  

Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының отырысына қатысты

"Сондай-ақ, лаңкестік мәселесі жаһандық желіде көрініс берді, сондықтан, киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді де күшейту  қажет етеді. ШЫҰ ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі Орталығын құру Ұйымның ақпараттық кеңістігін қорғау ісіне қосқан маңызды үлес болар еді. Тәжірибесі мен өзіндік ерекшелігін ескерсек, бұл мәселені реттеуге ШЫҰ-ның лаңкестікке қарсы аймақтық құрылымы қауқарлы", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жеке тоқталып, осы саладағы ынтымақтастық үшін тұрақты жұмыс істейтін платформа құруды ұсынды.

Қазақстан Президенті сөзінің соңында бітімгерлік қызмет еліміздің халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі сыртқы саясатының ажырамас бөлігі екенін айтып, ШЫҰ-дағы әріптестерге БҰҰ аясындағы Қазақстанның бітімгерлік бойынша бастамаларын қолдағаны үшін ризашылығын білдірді. 

***

Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттар қабылданып, қол қойылды:

1. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің қорытындысы жөнінде ақпараттық хабарлама;

2. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының Бішкек декларациясы;

3. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының ШЫҰ мүше мемлекеттердің 2018-2023 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегиясын жүзеге асырудың Жұмыс жоспарын және ШЫҰ мүше мемлекеттердің 2018-2023 жылдарға арналған Есірткіге қарсы стратегиясының орындалуы жөніндегі іс-қимылдар бағдарламасын бекіту туралы шешімі;

4. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ мүше мемлекеттері өңірлері басшылары форумының регламентін бекіту туралы шешімі;

5. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ мүше мемлекеттердің цифрландыру және ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасын бекіту туралы шешімі;

6. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ мүше мемлекеттердің өңіраралық ынтымақтастығын дамыту бағдарламасын бекіту туралы шешімі;

7. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ өткен жылғы жұмыстары жөніндегі ШЫҰ Бас хатшысының баяндамасын бекіту туралы шешімі;

8. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының 2018 жылғы жұмыстары жөнінде ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы кеңесінің баяндамасын бекіту туралы шешімі;

9. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ мүше мемлекеттерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасын нақты жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы шешімі;

10. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ мен Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі БҰҰ Басқармасы арасындағы өзара түсіністік меморандумына қол қою туралы шешімі;

11. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ Хатшылығы мен Бүкіләлемдік туристік ұйым арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою туралы шешімі;

12. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ Хатшылығы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою туралы шешімі;

13. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ (ШЫҰ Хатшылығы) мен БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою туралы шешімі;

14. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ШЫҰ Хатшылығы мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссия арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою туралы шешімі;

15. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің «ШЫҰ – Ауғанстан» Байланыс топтарының келешек іс-қимылдарының жол картасына қол қою туралы шешімі;

16. ШЫҰ мүше мемлекеттер үкіметтері арасындағы Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

17. ШЫҰ мүше мемлекеттердің өкілетті органдары арасындағы Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

18. ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Денсаулық сақтау саласындағы 2019-2021 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі негізгі іс-шараларының жоспары;

19. ШЫҰ Хатшылығы мен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою туралы;

20. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы мен Бүкіләлемдік туристік ұйым арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

21. Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі ШЫҰ мен БҰҰ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

22. «ШЫҰ – Ауғанстан» Байланыс топтарының келешек іс-қимылдарының жол картасы туралы.

Өзгелердің жаңалығы