Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Оқи отырыңыз:
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Мемлекеттер басшылары алдағы күндері Душанбеде өтетін ҰҚШҰ және ШЫҰ саммиттерінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді, оның ішінде, Ауғанстандағы ахуалды талқылады. Сондай-ақ өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен күш-жігерді үйлестіруге келісті, - делінген хабарламада.