Тоқаев пен Мирзиёев жаңадан салынған Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігіне барды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев жаңадан салынған Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігіне барды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.</h4>

6 Желтоқсан 2021 2021, 19:00
АВТОР
 6 Желтоқсан 2021 2021, 19:00
6 Желтоқсан 2021 2021, 19:00
1094

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев жаңадан салынған Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігіне барды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі ел президенттері Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Елшіліктің ғимараты Тәуелсіздік даңғылының бойында, «Хазірет Сұлтан» мешітіне жақын жерде орналасқан.

Мемлекеттер басшылары салтанатты шарада лента қиған соң, Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев елшіліктің жаңа ғимаратын аралап шықты. 

Жиын соңында Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.





Наверх