Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Қазақстанның Италия мен Малайзиядағы елшілерін тағайындады

26 Ақпан 2021, 18:39
1171
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісін және Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісін тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ерболат Нәсенұлы Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне, сонымен қатар Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы