Тоқаев «энергияның баламалы көздері туралы» жаңа заң әзірлеу керегін айтты

25 Ақпан 2021, 11:57
2552
Бөлісу:
Тоқаев «энергияның баламалы көздері туралы» жаңа заң әзірлеу керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-ші отырысында айтты. 

«Энергияның баламалы көздері туралы» жаңа заң жобасын әзірлеу керек. Онда тек жаңғырмалы энергия көздері ғана емес, барлық баламалы энергия көздерін дамыту тетіктерін қамту керек. Үкімет сәйкес заң жобасын әзірлеп, Парламентке тапсыруы керек, - деді ол. 

Оның айтуынша, 2009 жылы қабылданған әрекеттегі заң барлық баламалы энергия көздерінің қоолдануын қамтымайды. 

Экономиканы әртараптандыру мен энерготиімділікті төмендету аясында жасыл экономиканы дамытуға қадам басқан дұрыс. Баламалы энергияға қолайлы жағдай тудырмай, әлемдік прогресстен қалып қоюдың алдында тұрмыз. Оны бәсеңдетуге болмайды. Мен баламалы энергия көздеріне ерекше назар аударамын. Бұл Қазақстанның болашағын реттейтін маңызды мәселе, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы