Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы ЕАЭО аясында мұнай өнімін реттеу туралы заңға қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - делінген хабарламада.