Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джо Байденге көңіл айтты.
Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында жазды.
Мен Кабул халықаралық әуежайындағы террорлық шабуыл салдарынан АҚШ әскери қызметшілері арасында көптеген адам қаза тауып, жараланғанына байланысты Қазақстан халқының атынан Президент Джо Байденге және Америка халқына шын жүректен көңіл айтамын. Америка Құрама Штаттары тарихтағы ең қиын эвакуациялық әуе тасымалын тиісті деңгейде аяқтайды деп сенемін. Қазақстан бұрынғыдай терроризмге қарсы күрестегі барлық негізгі халықаралық әріптеспен күш-жігерді біріктіруге ниетті, - деді Тоқаев.Еске салсақ, 26 тамызда Кабул әуежайында лаңкестік әрекет жасалды. Салдарынан 13 америкалық әскери қайтыс болып, 18-і жарақат алды. Бұдан бөлек жарылыс салдарынан 60 ауғандық опат болып, 150 адам зардап шекті.