Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Қазақстан - әлеуметтік мемлекет. Сондықтан қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету басты міндеттің бірі. Алайда қоғамда патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдық үрдісі белең алып келеді. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адамдар кез келген өркениетті елдер сияқты бүкіл қоғам алдында жауап беруі керек, - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев айтқандай, мұндай жағдай «мемлекеттен ала берсем» деген көзқарас қалыптастырған.
Айта кетейік, Президенттің Жолдауы барлық республикалық телеарна мен негізгі радиостансалардан онлайн көрсетіліп жатыр.Ал көмекке шынайы мұқтаж адамдар назардан тыс қалып жатады. Әрине, еліміздің мүмкіндігі зор, бірақ оның да шегі бар. Әлеуметтік жеңілдікке ие болсам деген орынсыз пиғыл адамды өз еңбегімен табыс табудан айырады. Сондықтан бізге түбегейлі өзгеріс керек. Заң мен қоғам, адамдардың сана-сезімі өзгеруі керек, - деді Тоқаев.