Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады

18 Қараша 2020, 14:01
1422
Бөлісу:
Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпараттандыру стратегиясын іске асыру және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында берілген тапсырмаларының орындалу барысы жайында баяндалды.

Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады

Сонымен қатар министр азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне тоқталып, аталған бағыт бойынша алға қойылған міндеттерді орындаудың нақты жоспарлары туралы мәлімет берді.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алынған жұмыстарды жалғастыра беруді атап өтіп, министрлікке бірқатар міндет пен тапсырма жүктеді.

Өзгелердің жаңалығы