Тоқаев адам құқықтары саласына қатысты Жарлыққа қол қойды

9 Маусым 2021, 20:27
8733
Бөлісу:
Тоқаев адам құқықтары саласына қатысты Жарлыққа қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл тиуралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Адам құқықтары саласында одан әрі шаралар қабылдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітсін, онда мынадай жұмыс бағыттарын көздесін:

БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;

адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;

мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;

әйелдерге қатысты кемсітуді жою;

бірлесу бостандығына құқық;

пікір білдіру бостандығына құқық;

адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;

үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;

адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары;

2) Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін;

3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын;

4) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы