Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

3 Қараша 2021, 16:37
1148
Бөлісу:
Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын талқылау бойынша ғылыми-шығармашылық зиялы қауыммен кездесу өткізді. 

Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Кездесуге шығармашылық және академиялық саланың, Қоғамдық кеңестің, Қазақстан халқы және Жастар ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова қатысты. 

Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы» Жарлығымен бекітілген ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді, мәдени деңгейді арттыру және заманауи қоғамды рухани жетілдіру, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында көрініс тапқан «Рухани жаңғыру» құндылықтарын және «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын ілгерілету мәселелеріне назар аударылды. 

Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгінде елімізде 10 нақты ұлттық жоба белгіленген, оның ішінде «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы да бар. Жобаның мақсаты – мәдени өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен алуан түрлілігін арттыру, жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның ішінде «e-culture.kz» бірыңғай электрондық платформа құру арқылы ұлттық-мәдени бірегейлікті сақтау және әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру. Ұлттық жобаларды іске асыру экономиканың орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттырудың, қазақстандықтардың өмір сүру  сапасын жақсартудың факторына айналады. 

Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биыл 9 айында 347 жоба жүзеге асырылды. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында 80-нен астам іс-шара орындалды, олардың көпшілігі даланың ұлы тарихи қайраткерлерінің өмірін, мұрасын насихаттау бойынша өтті. Кітапханалар базасында «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасын қамтитын 105 дамыту үйірмесі жұмыс істейді. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында 100 оқулықты аудару аяқталды. Жаңа арнайы жобаларды іске асыру басталды: прагматизмді, ұтымды дағдыларды тәрбиелеуге, мәдени мұраны зерделеуге және т.б. бағытталған 67 іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, қаланың барлық колледждері мен көптеген мектептерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке тұлғаны дамытуға (патриотизмді тәрбиелеу, шығармашылық әлеуетті арттыру және т. б.) бағытталған іс-шараларды өткізуге жауапты тұлғалар анықталды. 

Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Кездесуге қатысушылар өз сөздерінде мәдени инфрақұрылымды одан әрі дамыту, ұлттық құндылықтарды медиа өнімдер мен киноның түрлі форматтарында ілгерілету, мемлекеттік тілде білім беру контентін арттыру және т. б. мәселелер бойынша бірқатар ұсыныс айтты.  

Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Талқылауға Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Кинематографистер одағының басқарма төрағасы Ермек Тұрсынов, «Қазақстандық авторлық қоғам» РҚБ төрағасы, Композиторлар одағының құрметті төрайымы Балнұр Қадырбек, М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Еркін Жуасбек, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Жазушылар одағының мүшесі Смағұл Елубаев, М. Лермонтов атындағы Ұлттық академиялық орыс драма театрының директоры Юрий Якушев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің экс-ректоры Такир Балықбаев, лингвист Анар Фазылжан қатысты.

Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Өз кезегінде, мемлекеттік органдар өкілдері «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстың негізгі бағыттарын түсіндіріп, көтерілген мәселелерге түсініктеме берді.

Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Кездесу соңында Ералы Тоғжанов ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне мәдени құрамдас бөлікті дамытуға, елдің шығармашылық әлеуетін арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, мемлекеттік органдарға ұлттық жобаларды, оның ішінде кездесу барысында айтылған ұсыныстарды ескере отырып, сапалы іске асыру үшін өзара іс-қимылды күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді. 

Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Анықтама: Ұлттық жобаларды іске асырудың негізгі бағыттары арасында: 

  • «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту, қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту міндеттерін шешеді; 

  • «Ел рухы» мәдениет саласындағы қызметтердің сапасын арттыруға, отандық мәдени өнімдердің қолжетімділігін және кеңінен танылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

  • «Тәуелсіздік ұрпақтары» талантты жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тартуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Өзгелердің жаңалығы