Тоғжанов: Жер мәселесіне қатысты 60-тан астам ұсыныс түсті

25 Наурыз 2021, 15:34
898
Бөлісу:
Тоғжанов: Жер мәселесіне қатысты 60-тан астам ұсыныс түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысы барысында айтты.

Бүгін бірқатар ұсыныс жасалды. Жер дауы, жесір дауы қазақпен бірге келе жатқан мәселелер. Бүгін ел азаматтарының ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге қатысты нақты ұсыныстарды жасап шығаруға байланысты бас қостық. Бұдан тыс сұрақтардың да барын байқадық. Ол туралы да халыққа ақпарат берілуі керек деп ойлаймыз. Мемлеткеттік органдар бүгінгі ұсыныстардың барлығын тізіп алды. Бірнеше топ құрамыз, сол бойынша жұмыс істейтін боламыз, - деді ол. 

Ералы Тоғжанов отырыс барысында қатысушылар тарапынан 60-тан аса ұсыныс түскенін атап өтті. 

Әлі де болса ашылмаған мәселелер бары белгілі. Бүгін арамызда  8 мемлекеттік органның өкілдері отыр. Әділет министрлігі, Экология министрлігі сияқты керек министрлік өкілдерінің бәрін жинадық. Олар күнделікті жұмыс істейтін топ болады. Бүгін түскен 60-тан аса ұсынысты талдап, 3-4 топқа бөлеміз. Сол топқа байланысты жұмыс күндерін реттейтін боламыз, - деді ол.

Комиссия мүшелері аптасы бір рет бас қосып, отырыс барысында ортаға салынған мәселелерді тағы қарастыру, жүзеге асыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы