Тоғыз шетелдік азамат елден шығарылды

28 Сәуір 2021, 11:10
1819
Бөлісу:
Тоғыз шетелдік азамат елден шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда облысында сот шешімі бойынша 9 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ондағы мәліметке сүйенсек, олар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін және Азаматтық процестік кодексін бұзғаны үшін жауапқа тартылған.  

Бүгінгі таңда олардың бесеуі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды. 20 сәуірде Жарма аудандық сотының шешімі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы елден шығарылды, ол 2011 жылы есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны және тасымалдағаны үшін сотталған болатын. Әйел жазасын ОВ 156/18-де өтеген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған азамат ел аумағына кіруі 5 жыл мерзімге жабылды, - делінген хабарламада.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері тұрақты негізде облыс аумағында шетелдіктердің болуын бақылау бойынша жұмыс істеп жатыр. Іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін 206 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы