«Тобыл» «Мақтаралдан» басым түсті

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-турында «Тобыл» «Мақтаралдан» басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21 Мамыр 2023 2023, 22:36
АВТОР
 ТАСС 21 Мамыр 2023 2023, 22:36
21 Мамыр 2023 2023, 22:36
921
Фото: ТАСС

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-турында «Тобыл» «Мақтаралдан» басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанайлық клуб биыл доп додасын сәтсіз өткізіп келеді. Қазір турнир кестесінде ортаңғы бөлігінде тұр.

Түркістан облысының намысын қорғайтын «Мақтарал» жанкүйер көңілінен шыға алмай жүр. Салдарынан турнир кестесінде соңғы орында келеді.

Бүгінгі кездесу тағдырын 69-минутта «Тобыл» ойыншысы Ислам Чесноков соққан жалғыз гол шешті. Нәтижесінде қарсыласынан 1:0 еесбімен басым түсті.

Енді аталған турда «Қайрат» (Алматы) пен «Қайсар» (Қызылорда), «Ақтөбе» мен «Каспий» (Ақтау), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары ойнайды.

Наверх