Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылғанын және елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табатындығы туралы жазды.
Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды. Мемлекетіміздің негізін қалаушы – Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды. Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады, – деп жазды мемлекет басшысы.