Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэйдің Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті лауазымына сайлануымен құттықтаған жеделхаты келіп түсті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
«27 наурыздағы құттықтау хатымда Британ-Қазақстан қатынастарының нығайып келе жатқанын атап өттім. Сол сәттен бастап елдеріміз арасындағы байланыстардың арта түскеніне қуаныштымын», – деп жазған Тереза Мэй.
Біріккен Корольдіктің Министрлер кабинетінің басшысы екіжақты іс-қимылдарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Сіздің президенттік қызметіңіздің барысында Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың жалғаса беретініне, сондай-ақ, елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.